Атырау облысындағы ерлі-зайыптының өлімі: Отбасының қызы күдікті ретінде танылды

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Атырау облысында отбасы мүшелерін өлтірді деген күдікке отбасының қызы да ілінгенін мәлімдеді, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, іс бойынша тергеу амалдары мен тиісті сарапталар жалғасып жатыр.

“Кеше ғана күдіктілер Индонезияда ұсталғанын растаймын. Қазіргі кезде оларды елге жеткізу мәселесі шешіліп жатыр. Халықаралық іздестіру жарияланғаннан кейін Интерпол өкілдері мен Қазақстан полицейлері бірлесіп арнайы топты құрды. Осы жұмыстың нәтижесінде күдіктілер ұсталды, яғни әйелі де күдікті ретінде қарастырылып отыр”, — деді Санжар Әділов.

Бұған дейін бұл іс бойынша негізгі күдікті ретінде қаза тапқандардың күйеу баласы — 29 жастағы Сұлтан Сәрсемалиев танылғаны хабарланған болатын. Ол халықаралық іздеуге жарияланған. Сонымен қатар марқұмдардың кенже қызы, Сұлтан Сәрсемалиевтің жұбайы Ақбаян Мұқанғалиева да хабар-ошарсыз кеткен адам ретінде халықаралық іздеуге берілген.

24 ақпан күні ерлі-зайыптының өліміне күдікті күйеу бала мен із-түссіз жоғалып кеткен отбысының кіші қызы Индонезияда ұсталғанын жазғанбыз.

Фото: qamqor.gov.kz

Related Posts

Тоқаев ШҚО әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен орнықты өсімін…

Толығырақ

Қызылордада зорланған 16 жастағы қыз бала босанды

Қызылордада зорланған 16 жастағы қыз бала босанды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.  Бұл туралы құқық қорғаушы Ләззат Ракишева желідегі…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 129 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 60 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды