Атырау облысындағы ерлі-зайыптының өліміне қатысты сұмдық деректер айтылды

Атырау облысында зейнет жасындағы ерлі-зайыптылардың өліміне қатысты тергеу жалғасып жатыр. Қайтыс болғандардың мәйіттері өз үйлерінің аумағынан табылған. Қылмысты жасыруға байланысты мән-жайлар туралы марқұмдардың туыстары айтып берді, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz басылымына сілтеме жасап.

Із-түзсіз жоғалған ерлі-зайыптыларды іздеу жұмыстары 6 қаңтарда аяқталған. Туыстарының айтуынша, мәйіттер олардың өз үйінің ауласындағы сарайдан табылған. Қаза тапқан ер адамның әпкесі Фаризат Кенжеғалиева қылмыскер немесе қылмыскерлер жерлеу орнын алдын ала дайындап қойғанын жеткізді.

“Бұл сарайда диван тұрған. Сол диванның астынан ағам мен оның жұбайының мәйітін таптық. Ішінде шамамен 1,2–1,3 метр тереңдікте шұңқыр қазылған. Мәйіттердің үсті киізбен жабылып, үстіне екі орындық диван қойылған. Мен өзім тапқан жоқпын — бүкіл ауыл болып іздеп жүріп, бәріміз бірге таптық”, – деді Фаризат Кенжеғалиева.

Атыраудағы ерлі-зайыптының өлімі: Отбасының күйеу баласына іздеу жарияланды

Туыстарының айтуынша, сарай ішінде қылмыс іздерін жасыруға тырысқан белгілер анық байқалғанымен, барлық дәлелдерді толық жою мүмкін болмаған.

“Көптеген тексерулер жүргізілді. Соның нәтижесінде сарайдың ішкі қабырғаларында шашыраған қан іздері болғаны, оларды сүртіп тастауға тырысқаны анықталды. Бұл іздер көзге әрең көрінетін. Сонымен қатар, линолеумге қан сіңіп кеткені байқалды. Мұның бәрін тазалап, кілемдермен жауып жасырмақ болған”, – деп түсіндірді марқұмның туысы.

Атырау облыстық полиция департаменті марқұмдарды тұншықтырған деген қауесеттердің таралып жатқанын мәлімдеді. Ведомствоның баспасөз хатшысы Мейірім Ердаулет сот-медициналық сараптаманың алдын ала деректерін хабарлады.

“Әлеуметтік желілерде әртүрлі нұсқалар, соның ішінде ерлі-зайыптыларды тұншықтырды деген ақпарат тарады. Алайда, марқұмдардың денесінен пышақ жарақаттары — колото-кесілген зақымдар анықталды. Қазіргі таңда мәйіттер сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Онда жарақаттардың нақты саны, өлімнің себебі және қылмыстың жасалған уақыты анықталатын болады”, – деді Мейірім Ердаулет.

Тергеу амалдары жалғасуда.

Еске салсақ, бұған дейін бұл іс бойынша негізгі күдікті ретінде қаза тапқандардың күйеу баласы — 29 жастағы Сұлтан Сәрсемалиев танылғаны хабарланған болатын. Ол халықаралық іздеуге жарияланған. Сонымен қатар марқұмдардың кенже қызы, Сұлтан Сәрсемалиевтің жұбайы Ақбаян Мұқанғалиева да хабар-ошарсыз кеткен адам ретінде халықаралық іздеуге берілді.

Related Posts

Тоқаев ШҚО әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен орнықты өсімін…

Толығырақ

Қызылордада зорланған 16 жастағы қыз бала босанды

Қызылордада зорланған 16 жастағы қыз бала босанды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.  Бұл туралы құқық қорғаушы Ләззат Ракишева желідегі…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 129 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 60 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды