Атырау қаласында 30 жастағы боди-массажистке қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Ол клиентін өлтірді деп айыпталуда, деп хабарлайды +7.kz.
Оқиға массажист жұмыс істеген пәтерлердің бірінде болған. Әйел мен ер адамның арасында жанжал шыққан. Артынша массажист клиентті пышақпен жаралаған, ер адам жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған.
Желгілікті басылымдардың хабарлауынша, қайғылы оқиғадан кейін әйел өзі дәрігер мен полиция шақырған. Артынша күдікті қамауға алынған.
Қазір қылмыстық істі сот қарап жатыр.
Фото: pixabay.com








