Атырауда ВИЧ-инфекциясын қасақана жұқтырды деген күдікке ілінген екі азамат ұсталды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.
Ресми мәліметке сәйкес, 23 және 28 жастағы екі ер адам ұсталды. Олар 2025 жылдың желтоқсан айынан бастап ВИЧ-инфекциясы бар екенін біле тұра, өздерін трансперсона ретінде таныстырып, ақылы интимдік қызмет көрсетуді жалғастырған.
“Жедел іс-шараларды Атырау облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізді. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына (УҰИ) қамалды. Аталған факті бойынша өзінде ауру бар екенін біле тұра, басқа адамға ВИЧ-инфекциясын жұқтырды деген белгімен қылмыстық іс қозғалды”, — делінген Атырау облысы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Полиция өкілдері азаматтардың өмірі мен денсаулығына қасақана қауіп төндіру ауыр қылмыс екенін еске салды.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мұндай әрекет үшін 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
“Әрбір дерекке құқықтық баға беріледі. Әрбір кінәлі заң аясында толық жауапкершілікке тартылады”, — деп атап өтті өңірлік полиция.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, жәбірленушілер шеңбері анықталуда.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Атырау Облысы Полиция Департаменті (@police.atyrau)








