Атырау әуежайында FlyArystan әуекомпаниясына тиесілі әуе кемесі қонғаннан кейін тұраққа қарай қозғалу барысында төмен жылдамдықпен әуе кемелерінің жолағы шегінен шығып кеткен, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.
Алматы -Атырау бағыты бойынша орындалған FS7202 рейсі жолақтан шығып кеткен.
“Әуе кемесінің бортындағы 166 жолаушы мен экипаж мүшелері арасында зардап шеккендер жоқ.Әуе компаниясы әуежай қызметтерімен және авиациялық уәкілетті мекемелермен белгіленген тәртіпке сәйкес тергеу жүргізу үшін оқиғаны зертеуде”, – деп мәлімдеді Fly Arystan.
Осыған дейін, Air Astana Иран әуе кеңістігінің жабылуына байланысты кейбір тұрақты және чартерлік рейстерінің маршруттарын өзгерткенін жазғанбыз.
Фото: depositphotos.com








