Атырау облысында отбасы мүшелерін өлтірді деген күдікке ілінген марқұмдардың күйеу баласы Сұлтан Сарсемалиев екені ресми түрде белгілі болды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланған іздестіру картасына сәйкес, Сарсемалиев Сұлтан Самиғоллаұлы 1996 жылыы 24 сәуірде туған, Қазақстан Республикасының азаматы.
Ол Атырау облысы бойынша 2026 жылдың 8 қаңтарынан бастап іздеуде жүр. Іздестіру ісі ҚР Ішкі істер министрлігінің бастамасымен тіркелген. Іздеуді Атырау облысы Полиция департаменті жүргізіп жатыр.
Отбасының жұмбақ жағдайда жоғалуы
Отбасының жоғалғаны туралы 25 желтоқсанда белгілі болды. Сол күні Атырау қаласының полициясына жергілікті тұрғын жүгініп, ағасы мен оның отбасы — жұбайы және екі ересек баласымен бірге бір айдан астам уақыт бойы байланысқа шықпағанын хабарлаған.
Анықталғандай, отбасы Қызылқоға ауданының Жангелді ауылында тұрған. Өткен жылдың қараша айында олар үйден белгісіз бағытта шығып кеткен, содан бері олардың қайда екені туралы ешқандай ақпарат болмаған.
Алдын ала деректерге сәйкес, отбасы елдің оңтүстік өңірлеріне бет алған болуы мүмкін.
Отбасының отағасы, оның жұбайы, жастары 33 және 35-те болған екі баласына іздеу жарияланған.
6 қаңтарда Атырау облысының Қызылқоға ауданында бұрын хабар-ошарсыз кеткен ерлі-зайыптылардың мәйіттері табылғаны хабарланған. Сонымен қатар, тағы екі жоғалған адамның жүрген жерін анықтау бағытындағы іздестіру жұмыстары жалғасып жатқаны айтылды.
Оқиғаға қатысты “Адам өлтіру” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Полиция департаменті күдіктілердің жеке басы анықталғанын мәлімдеген.
Әлеуметтік желілерде марқұмдардың денелері қораның еденінің астынан табылды деген ақпарат тарады. Алайда полиция бұл мәліметке қатысты түсініктеме берген жоқ.
Фото: qamqor.gov.kz








