Фото: AFP
Австрияның Грац қаласындағы мектепте атыс болды. Қаза тапқандар мен жараланғандар бар, деп хабарлайды +7.kz порталы.
Соңғы мәлімет бойынша, сегіз адамның қаза тапқаны расталды, жарақат алғандардың саны бұдан да көп. Олардың көпшілігі ауыр халде.
Жергілікті ақпарат құралдары оқ атқан адамның сол мектептің оқушысы екенін хабарлады. Ол екі сыныпқа кіріп, оқ жаудырған деген болжам бар. Куәгерлердің айтуынша, 20-ға жуық оқ атылған. Шабуылдан кейін күдіктінің денесі мектеп дәретханасынан табылды. Шабуылшы өзіне қол салды деген мәлімет бар.
Оқиға орнында полиция мен Cobra арнайы жасағы жұмыс істеп жатыр. Мектеп толықтай қоршауға алынып, ғимараттың ішінде тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Австриядағы барлық ішкі саяси шаралар тоқтатылды. Ішкі істер министрі Герхард Карнер оқиға орнына шұғыл аттанды. Билік азаматтардан арнайы операция жүріп жатқан аймаққа жақындамауды сұрайды.
‼️🇦🇹 School Shooting in #Graz shocking images: The video shows lined up stretchers, on which, according to the students, some of the victims of the school massacre are lying. pic.twitter.com/C6KPR0oYP5
— Based & Viral (@ViralBased) June 10, 2025








