Әзербайжан президентінің мәлімдемесінен кейін Пашинян Тоқаевқа алғыс айтты

Армения премьер-министрі Никол Пашинян жүк транзитіне қатысты Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің маңызды мәлімдемесінен кейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі Haqqin.az сайтына сілтеме жасап.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян  Тбилисиде өткен V “Жібек жолы” форумында сөйлеген сөзінде Тоқаевқа алғыс білдірді.

“Кеше Ильхам Әлиев Әзербайжан өз аумағы арқылы Армения бағытындағы жүк транзитіне қойылған шектеулерді алып тастайтынын мәлімдеді. Бұл аса маңызды шешім. Осы қадамы үшін Әзербайжан президентіне ризашылығымды білдіргім келеді. Сондай-ақ осы келісімге қол жеткізудегі рөлі үшін Қазақстан президентіне және Грузия премьер-министріне де алғыс айтамын”, деді Никол Пашинян.

Арменияға жүк транзитіне қойылған барлық шектеулердің алынғанын Ильхам Әлиев бұған дейін Астанада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөздерден кейін журналистерге арналған брифингте хабарлаған болатын. Ол алғашқы транзиттік жүктің Қазақстаннан жөнелтілетін астық болатынын айтқан.

“Менің ойымша, бұл Әзербайжан мен Армения арасындағы бейбітшіліктің тек қағаз жүзінде емес, іс жүзінде де орнағанының жақсы көрінісі”, деді Ильхам Әлиев.

Әзербайжан президентінің астаналық мәлімдемесінен кейін Армения экономика министрі Геворг Папоян Facebook парақшасында Қазақстан астығының алғашқы партиясының жеткізілетінін растады.

“Жақын уақытта Ақтау Баку бағыты бойынша, әрі қарай Әзербайжан мен Грузия теміржолдары арқылы Арменияға Қазақстан астығының алғашқы партиясы жеткізіледі. Бейбітшілік орнады”, деп жазды Папоян.

Фото: Reuters

  • Related Posts

    Жеке деректердің тарап кетуі: Қазақстандықтар ЖСН ауыстыруы керек пе?

    Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков қазақстандықтардың жеке деректерінің тарап кетуіне байланысты “ЖСН-ді ауыстыру керек пе?” деген сұраққа жауап берді, деп…

    Толығырақ

    Новороссийск портына дрон шабуылы: Қазақстанның энергетика министрлігі мәлімдеме жасады

    Қазақстанның энергетика министрлігі Новороссийск портына дрон шабуылына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Кеше дрондар шабуылы кезінде…

    Толығырақ

    Пікір қалдыру

    Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

    Редакция таңдауы

    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    • 2 сәуір, 12:39
    • 43 views
    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    • 25 желтоқсан, 14:43
    • 64 views
    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    • 18 желтоқсан, 13:58
    • 130 views
    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    • 17 қараша, 14:18
    • 62 views
    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    • 11 қараша, 18:23
    • 57 views
    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

    • 13 қазан, 13:30
    • 98 views
    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды