Ақтөбеде кішкентай қыз жалғыз өзі тас жолға шығып кеткен. Абырой болғанда, жүргізушілер баланы дер кезінде байқап, құтқарып қалды, деп хабарлайды +7.kz.
Әлеуметтік желіде көшедегі бейнебақылау камерасынан түсірілген видео тарады. Видеодан кішкентай қыз бала жалғыз өзі көлік көп жүретін жолға шығып кеткенін көруге болады.
Жүргізушілер бірден тоқтап үлгереді. Жүргізушілердің бірі дереу көлігінен түсіп, қыз балаға қарай жүгіріп барады. Оған айналадағы куәгерлер де қосылып, баланы жолдан көтеріп алып, қауіпсіз жерге шығарады.
Абырой болғанда, бала дін аман. Полиция қыз бала мен оның жеке басын анықтады.
“Аталған оқиға тіркеліп, полицияның бақылауына алынды. Оқиға кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Дегенмен бұл жағдай қайғылы аяқталуы мүмкін еді. Баланың өмірі мен қауіпсіздігін дер кезінде қамтамасыз еткен немқұрайлы қарамаған жүргізушілерге алғысымызды білдіреміз. Ата-аналар мен заңды өкілдерге балалардың өмірі мен денсаулығы үшін толықтай жауапты екенін ескертеміз”, – деп мәлімдеді Ақтөбе облыстық полиция департаменті.
Полиция бүлдіршіннің ата-анасына кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу мен қарауда жіберген олқылықтары үшін шара қолданылатынын атап өтті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram








