Фото: pixabay.com
Қарағанды облысында 8 жасар мүмкіндігі шектеулі балаға дәрігерлер жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрі бергені, деп хабарлайды +7.kz.
Баланың анасының жауапты дәрігерлерді сотқа беремек. Анасының айтуынша, балаға сирек кездесетін ми ауруы мен эпилепсия диагнозы қойылған. Соңғы бір жарым жылда балада аурудың белгілері байқалмаған, бірақ 2025 жылдың мамыр айында қайтадан талмасы ұстаған. Осы оқиғадан кейін анасы баласына берілген «Депакин» шәрбатының жарамдылық мерзімінің өтіп кеткенін анықтаған.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, препарат 2024 жылдың 31 желтоқсанында жазылған. Басқарма өкілдері ананың бұл жағдай жайлы 1414 байланыс орталығы арқылы хабардар етілгенін және оған бірнеше рет телефон арқылы қоңырау шалынғанын мәлімдеді.
“Баланың анасы бұрыннан қалған дәрінің бар екенін, қосымша препарат қажет еместігін айтқан. Ал дәріні ол тек 2025 жылдың 23 мамырында сұратқан. Оны берген учаскелік мейірбике жарамдылық мерзімінің өтіп кеткенін байқамай қалған”, — деп түсіндірді басқарма.
Алайда анасы бұл мәліметпен келіспейтінін айтып отыр.
“Үйде баламен үнемі отыратын, көрші көшеде тұратын адамды желтоқсаннан мамырға дейін таба алмадым дегенге сену қиын. Мен балам үшін аса қажетті дәріні алмай жүре алмаймын. Ата-ана ретінде дәріні дәріханадан немесе ауруханадан алғанда оның жарамдылық мерзімі өтіп кетпегеніне сенеміз”, — дейді ол.
Денсаулық сақтау басқармасы бұл оқиғаға байланысты қызметтік тергеу жүргізілетінін мәлімдеді.
“Қызметкер еңбек демалысынан шыққан соң, учаскелік мейірбикенің лауазымына сәйкестігі тәртіптік кеңесте қаралады”, — деді ведомство өкілдері.
Сондай-ақ, басқарма оқиғаның аудандық аурухана әкімшілігінің бақылауында екенін және қазіргі таңда бала қажетті дәрі-дәрмекпен толық қамтылғанын хабарлады.








