Қасым-Жомарт Тоқаев Бауыржан Момышұлына “Халық қаһарманы” атағын берді, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекет басшысы аңызға айналған қолбасшының туғанына 115 жыл толуы тарихи әділдікті қалпына келтіруге себеп болғанын атап өтті. Билік өкілдері қоғам, зиялы қауым және жастар тарапынан көп жылдан бері айтылып келе жатқан өтініштерді ескерген.
“Момышұлының ерлігі құжаттармен дәлелденген және Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлер тарапынан мойындалған. Оның есімі әрдайым отансүйгіштік пен ерліктің символы болып қала береді”, — деді президент Жамбыл облысына жасаған сапары барысында.








