Биткоин бағасы алғаш рет 119 мың долларға жетіп, жаңа тарихи рекорд тіркелді, деп хабарлайды +7.kz
Сарапшылардың айтуынша, жыл соңына дейін оның құны 150 мың долларға дейін өсуі мүмкін. Бұған ірі инвесторлардың жоғары қызығушылығы мен АҚШ-та криптонарыққа қатысты ережелердің жеңілдейтіні туралы жаңалықтар себеп болып отыр.
Сондай-ақ биткоиннің өсуіне Дональд Трамптың саясаты да қолдау беруде. Оның Truth Social әлеуметтік желісіне иелік ететін компаниясы биткоинге инвестициялауға бағытталған қор ашуды жоспарлап отыр. Осыған байланысты басқа да криптовалюталар құны арта бастаған.
Еске салсақ, АҚШ пен Қытай арасындағы сауда текетіресі Трамп әкімшілігінің 2025 жылдың ақпанында Қытайдан импортталатын барлық тауарларға 10 пайыздық тариф енгізуімен басталды.
АҚШ басқа елдерге де «өзара» тарифтер енгізіп, Қытайдан келетін өнімдерге салық мөлшерлемесін 145 пайызға дейін, ал Қытайдағы америкалық өнімдерге қойылған тарифті 125 пайызға дейін өсірген. Артынша Дональд Трамп АҚШ пен Қытай арасында сауда келісімі жасалғанын мәлімдеді.
Фото: pixabay.com









Керемет саит. Соңғы жаңалықтарды табуға болады.