БҚО-да шенеунік кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінді

Батыс Қазақстан облысында шенеунік кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінді. Күдіктінің босатылуына қатысты полиция түсініктеме берді, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін жәбірленушінің әкесі 68 жастағы ер адамның оның кәмелетке толмаған қызын алдап өз үйіне алып барып, оған қатысты күш қолданғанын мәлімдеген. Әкесінің айтуынша, арыз жазылғаннан кейін күдікті ұсталған, алайда көп ұзамай босатылған. Сондай-ақ ол тергеу жұмыстары  тиісті деңгейде жүргізілмей жатқанын айтқан.

Осыған байланысты полиция Қылмыстық кодекстің “Кәмелетке толмаған адамды зорлау” бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған.

БҚО Полиция департаментінің мәліметінше, 2 қаңтар күні полицияға Ақсай қаласының 16 жастағы тұрғынына қатысты заңға қайшы әрекеттер жасалғаны туралы хабарлама түскен. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелген.

“Тергеу барысында объективті зерттеу үшін маңызы бар хат алмасу және өзге де мән-жайлар анықталды. Тергеу нәтижесінде кәмелетке толмаған қызға қатысты күш қолдану фактісі расталған жоқ. Мұны жәбірленушінің өзі және анасы да растады. Олар күдіктіге қатысты ешқандай талап-арыздары жоқ екенін, қарым-қатынастың өзара келісім негізінде болғанын айтты”, – деп мәлімдеді полиция.

БҚО полиция департаментінің дерегінше, күдікті аудандық әкімдік бөлімінің қызметкері болған. Арыз түскеннен кейін ол қызметінен босатылған. Тергеу жалғасуда. Іс облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Фото: depositphotos.com

Related Posts

Қызылордада зорланған 16 жастағы қыз бала босанды

Қызылордада зорланған 16 жастағы қыз бала босанды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.  Бұл туралы құқық қорғаушы Ләззат Ракишева желідегі…

Толығырақ

Қазақстанның басым бөлігінде нөсер жауын күтіледі

Барлық өңірде циклондар мен антициклондардың ауысуына байланысты жайлы ауа райы жаңбырлы ауа райына ауысады. Бұл туралы “Қазгидромет” синоптиктерінің 2026…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 129 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 60 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды