Бішкекте боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатеринаға іздеу жариялады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.
Оған қамауға алу шарасы тағайындалды.
Бішкектің ІІД бас басқармасының мәліметі бойынша, іс Қырғызстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 330-бабы “Ұлтаралық, этникалық, аймақаралық араздықты қоздыру” бойынша іс қозғалуда. Бап бойынша бес жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Осыған дейін Екатерина Бивол әлеуметтік желілерде әртүрлі ұлт өкілдеріне қатысты қорлайтын сөздер айтқан видеоны жариялаған еді. Көптеген қолданушылар әйелдің әрекетін айыптап, оның сөздерін құрметсіздік деп атаған.
Фото: instagram.com/bivol_kate








