Қазақстандық боксшы Нұрислам Қалдыбаев бокстан 22 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды +7.kz.
60 келіге дейінгі салмақтағы қазақстандық боксшы қырғызстандық Азизбек Ходжаевпен бақ сынасты. Жекпе-жек үш раундқа да созылып, Қалдыбаев 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, турнир ережесіне сәйкес, Азия чемпионатында үшінші орын үшін жекпе-жек өткізілмейді. Жартылай финалға шығу Қалдыбаевқа кем дегенде қола жүлдені қамтамасыз етті.
Еске салайық, Бангкок қаласында (Таиланд) 19 жасқа дейінгі және 22 жасқа дейінгі спортшылар арасында бокстан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Турнир Дүниежүзілік бокс ұйымы үшін құрлықтағы тұңғыш турнир болды.
Бүгін Азизбек Ходжаевты 4:1 есебімен жеңген қазақстандық боксшы Нұрислам 6 тамыз күні ақтық сынға жолдама үшін Дечен Дорджимен🇧🇹 жекпе жек өткізеді.
Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Посмотреть эту публикацию в Instagram








