Қазақ боксшысы Данияр Елеусінов АҚШ-тағы жекпе-жекте нокаут жасады, деп хабарлайды +7.kz.
Ол АҚШ-тың Вашингтон қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде өнер көрсетті.
Елеусінов филиппиндік Джеймс Бэконмен жұдырықтасты. Жекпе-жек жартылай орта салмақта өтті және сегіз раундқа жоспарланған болатын. Алайда ол толығымен өтпеді: қазақстандық боксшы екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Осылайша, Данияр Елеусінов кәсіпқой рингтегі он үшінші жеңісіне қол жеткізді, ал Джеймс Бэкон үшін бұл алтыншы жеңіліс болды.
Айта кетейік, бұл Елеусінов үшін АҚШ-тағы соңғы бес жылдағы алғашқы жекпе-жек. Ол бұған дейін Америкада 2020 жылдың қарашасында жекпе-жек өткізіп, намибиялық Джулиус Индонгоны нокаутпен жеңген еді.
View this post on Instagram








