Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат бостандыққа шыққаны белгілі болды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
“Сотталушы сот тағайындаған жаза мерзімін толық өтеуіне байланысты босатылды”, – деп хабарлады Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 2023 жылы ақпанда Нұрасыл Болат Алматыда заңгер Анна Дмитриевич пен оның күйеуі Олег Черновты соққыға жыққан еді. 2023 жылдың 9 қазанында Алматы қалалық әскери сотында Нұрасыл Болатқа қатысты сот үкімі шықты.
Сот үкімімен ол ҚК 107-бабының 2-бөлігі 1 және 5-тармақтарында көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған жаза түрінде 1 млн 700 мың теңге айыппұл тағайындалды.
Артынша әлеуметтік желілерде Нұрасыл Болаттың түнгі уақытта еркін жүргені түсірілген бейнежазба тарады. Осы жағдайға байланысты Медеу ауданының № 2 аудандық соты пробация қызметінің жазаны қатаңдату туралы өтінішін негізді деп таныды. Нәтижесінде, оған тағайындалған бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, 1 жыл 5 ай 10 күнге сотталды.
Фото: Видеодан скрин








