“Дикий Арманның” сыбайласы Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды+7.kz.
Ол 2022 жылғы 5-7 қаңтарда Алматыда болған жаппай тәртіпсіздіктерге белсенді қатысты деген күдікке ілінген.
“Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, шамамен үш жыл халықаралық іздеуде болды. Кейін ол Біріккен Араб Әмірліктері аумағында ұсталды”, – деп хабарлады Бас прокуратура.
Қазір күдікті Астанадағы тергеу изоляторында.
View this post on Instagram








