Дубайда әлемдегі ең биік қонақүй ашылмақ, деп хабарлайды +7.kz.
Ең биік қонақүй – Ciel Dubai Marina қараша айында ашылады деп жоспарлануда. Бұл туралы Дубай үкіметінің баспасөз қызметі Dubai Media Office мәлімдеді.
“Дубайда көкжиектің жаңа символ пайда болады. Ciel Dubai Marina биыл қарашада әлемдегі ең биік қонақүй ретінде ашылмақ”, – делінген Dubai Media Office әлеуметтік желідегі хабарламасында.
Dubai Marina ауданында орналасқан 82 қабатты қонақүйдің биіктігі 377 метрді құрайды.
Қазіргі әлемдегі ең биік қонақүй Дубайда орналасқан – Gevora қонақүйі. Оның биіктігі 356 метр.
Фото: Dubai Media Office








