Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде үздік бестікке енді

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде үздік бестікке енді, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. 

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық санаттар бойынша жаңартылған рейтингті ұсынды.

Эр-Риядта өткен маусымның қорытынды турнирінде жеңіске жеткен Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина америкалық Джессика Пегуланы артта қалдырып, рейтингте бесінші орынға көтерілді. Осылайша ол өз мансабындағы ең жоғары көрсеткіші үшінші орынға жақындай түсті.

Турнирден кейін Рыбакина 2026 жылғы жаңа маусымда осы қарқынын сақтап, одан әрі жетістікке жетуге ниетті екенін айтты.

Бұл титул мені бұрынғыдан да көп еңбектенуге ынталандырады. Біз жарыстар арасында жақсы прогресс жасадық. Тіпті бабымда болмаған сәттерде де жақсы ойнадым. Әрбір маңызды матч үлкен тәжірибе. Бұл жолы бәрі мен қалағандай өтті. Алдағы кездесулерде осы жеңістен алған күш пен сенімді жалғастырғым келеді”, деді теннисші.

Серена Уильямстың бұрынғы бапкері Рик Маччи әлеуметтік желідегі парақшасында Рыбакинаның 2026 жылы әлемнің бірінші ракеткасы атануға толық мүмкіндігі барын атап өтті.

Әлемдік рейтингтің көшін әлі де Беларусь өкілі Арина Соболенко бастаса, Ига Швентек (Польша) екінші, ал Кори Гауфф (АҚШ) үшінші орында тұр.

Тағы бір қазақстандық спортшы Юлия Путинцева өз позициясын сақтап, 73-орында қалды.

Жұптық сында Анна Данилина 13-орыннан 15-ке түсті, Юлия Путинцева 105-тен 106-орынға сырғыды, ал Жібек Құламбаева 132-ден 130-орынға көтерілді.

Фото: ktf.kz

Related Posts

“32 жыл күткен тарихи жүлде”: Тоқаев олимпиада чемпионы Шайдоровты қабылдады

Ақорда резиденциясында ХХV Қысқы Олимпиада ойындарының жеңімпазы Михаил Шайдоров пен оның жаттықтырушыларын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды +7.kz ақпарат…

Толығырақ

Зайнутдинов ұлттық құраманың қарашадағы ойындарына қатыспайды

Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Бақтиер Зайнутдинов ұлттық құраманың қараша айында өтетін ойындарына шақырту алмады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі….

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 128 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 60 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды