Сарбаз Ербаян Мұхтардың Түркиядағы емінен кейінгі жағдайы айтылды

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Тимур Мұратов әскерде жүріп комаға түскен Ербаян Мұхтардың Түркияда ем алып келкеннен кейінгі жағдайын айтты, деп хабарлайды +7.kz

Оның айтуынша, әскери қызметші жақында отанына оралған, алайда дәрігерлердің болжамы жақсы емес.

“Өкінішке қарай, науқасымыз өте ауыр жарақат алған. Мамандардың бағалауынша, оның оңалып кету әлеуеті үлкен емес. Ол көрсеткішті үнемі қайта-қайта бағалап отыру керек. Жуықта ғана Түркиядағы клиникадан келді. Өкінішке қарай, ол жақта қандай оңалту қызметін алғанын айта алмаймын. Үйіне жеткіздік. Кез келген мемлекет өз азаматтарын шетелден аса жайлы санитарлық ұшақпен алдыра алмайтынын түсіну керек. Маңайдағы көрші елдердің ішінде ондай қызмет ұсына алатын елдер аз”, — деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, мұндай санитариялық көліктің бір ұшқанының өзі 50-60 млн теңгеге шығады.

“Денсаулық сақтау министрлігі бұл жолы ол азаматтың емін де ішінара өтеп берді. Мемлекет ем бағасы қанша болғанына қарамастан азаматтарымыз үшін бәрін жасауға әзір. Мамандар тобы мен сарапшылар бұл науқасты әрі қарай да емдей береді. Бұдан әрі оңалту жұмыстары қай бағытта, қандай тәсілмен жүру керектігін бағалайды. Осы тәсілмен шешім шығарады”, — деді вице-министр.

Фото: Инга Иманбайдың жеке архивінен

Related Posts

Жеке деректердің тарап кетуі: Қазақстандықтар ЖСН ауыстыруы керек пе?

Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков қазақстандықтардың жеке деректерінің тарап кетуіне байланысты “ЖСН-ді ауыстыру керек пе?” деген сұраққа жауап берді, деп…

Толығырақ

Мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Мамыр айында қазақстандықтардың қанша күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Мамыр айында елімізде 4 мереке тойланады….

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 130 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 62 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды