Ермек Көшербаев Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды +7.kz.
“Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының cыртқы істер министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды”, — делінген хабарламада.
1965 жылы 2 мамырда Алмат ықаласында дүниеге келген.
1988 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тарих мамандығы бойынша, шет тілінде сабақ беретін тарих пәнінің мұғалімі, ал 1993 жылы сәуірде КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясы халықаралық қатынастар және сыртқы саясат мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1988 жылдың тамыз айында Қазақ КСР сыртқы істер министрлігінде жасырын іс жүргізу жөніндегі аға инспектор болып бастады.
2023 жылғы 16 маусымнан 2025 жылғы 14 ақпанға дейін — Шығыс Қазақстан облысының әкімі.
2025 жылғы 14 ақпаннан бастап — Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары.








