Хасан Қасымбаевқа қатысты іс сотқа жіберілді

Хасан Қасымбаевқа қатысты іс сотқа жіберілгені белгілі болды, деп хабарлайды +7.kz.

Бұл туралы Алматы облысының прокуратурасы мәлімдеді.

“Алматы облысы полиция департаментінің тергеу басқармасы Хасан Қасымбаев және басқа тұлғаларға қатысты қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеруді аяқтап, осы жылдың 21 шілдесінде істі айыптау актісімен облыс прокуратурасына жолдаған”, – деп мәлімдеді прокуратураның баспасөз қызметі.

Облыс прокуратурасы 29 шілдеде іс бойынша құрылған айыптау актісін бекітіп, істі қарау үшін Талғар аудандық сотына жолдағанын хабарлады.

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, Қасымбаевқа қатысты адам ұрлау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және бопсалау фактілері бойынша тергеу амалдары жүргізілді.

Еске салайық, былтыр қараша айында Хасан Қасымбаев қамауға алынды. Оның 16 жастағы Шерзат Полаттың өлімінен кейін талғарлықтар оны “Хуторские” тобының басшысы болуы мүмкін екенін айтылған еді. Кейін Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов кәсіпкер Хасан Қасымбаевқа қатысты түсінік беріп, “Хуторовский” ұйымдасқан қылмыстық тобы тіркелмегенін мәлімдеді.

Еске салсақ, осыған дейін Шерзат Полаттың ағасының өліміне қатысты тергеу тоқтатылғаны белгілі болған.

Фото: Видеодан скрин

Related Posts

Мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Мамыр айында қазақстандықтардың қанша күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Мамыр айында елімізде 4 мереке тойланады….

Толығырақ

Новороссийск портына дрон шабуылы: Қазақстанның энергетика министрлігі мәлімдеме жасады

Қазақстанның энергетика министрлігі Новороссийск портына дрон шабуылына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Кеше дрондар шабуылы кезінде…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 130 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 62 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды