Илон Маск миллиондаған роботтардан тұратын әскер құрмақ

Илон Маск Optimus роботтарынан тұратын әскер құруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Маск жақын уақытта адам тектес роботтардан құралған әскер жасақтамақ.

“Біз Optimus роботтарының бір миллион данасын өндіретін өндіріс желісін құрамыз. Өндіріс келесі жылдың соңына қарай басталады деп үміттенемін”, — деді Маск Tesla компаниясының басшылығымен өткен конференцияда.

Оның айтуынша, үшінші буындағы Optimus роботтарының жаңа нұсқасының прототипі 2026 жылдың бірінші тоқсанында, мүмкін ақпан немесе наурыз айында дайын болады. Алайда жылына 1 миллион робот шығару қуатына жету үшін біраз уақыт қажет.

Масктың айтуынша, басты қиындық — дайын өндірістік тізбектің жоқтығында. Сондықтан Tesla компаниясы бөлшектердің басым бөлігін өз күшімен өндіретін болады.

Ол алдағы уақытта Optimus 4 моделі 10 миллион дана, ал Optimus 5 моделі 50–100 миллион дана көлемінде шығарылатынын мәлімдеді. Масктың пікірінше, роботтар мен автопилотты көліктер бірге жұмыс істейді.

Еске салайық, 2022 жылдың желтоқсанында Tesla компаниясы алғашқы адам тектес Optimus роботын таныстырған еді. Илон Маск Optimus роботтарының 2025 жылдың соңына дейін сатылымға шығатынын және олардың көптеген мамандықтарда адамдарды алмастыра алатынын айтқан болатын.

Фото: Видеодан скрин

Related Posts

Тоқаев ШҚО әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен орнықты өсімін…

Толығырақ

Өскемен қаласының экс-әкімі Жақсылық Омарға үкім шықты

2026 жылғы 3 сәуірде Өскемендегі қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотта Жақсылық Омарға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды+7.kz ақпарат агенттігі….

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 129 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 60 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды