Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королін Астана әуежайынан қарсы алды, деп хабарлайды +7.kz.
“Ертең мемлекеттер басшылары келіссөз жүргізіп, Қазақстан-Иордания бизнес форумына қатысады”, – делінген Ақорда таратқан ақпаратта.
Айта кетейік, Иордания Королінің ресми сапары кезінде Астанада қауіпсіздік шаралары күшейтіледі.
Фото: Ақорда








