Фото: pixabay.com
Таяу Шығыста орын алған жағдайға байланысты Қазақстандық әуе компаниялардың 6 елдің үстінен ұшуына тыйым салынды, деп хабарлайды +7.kz.
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты әуе қатынасына қатысты ресми түсінік берді.
“Таяу Шығыстағы соғыс қимылы мен азаматтық авиация қауіпсіздігіне төнген қауіптің жоғары деңгейіне байланысты Қазақстанның авиациялық әкімшілігі келесі ескертуге дейін Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания және Ливанның әуе кеңістігі үстінде, ішінде және оған жақын жерде ұшуларға толық тыйым салады”, – делінген хабарламада.
Аталған нұсқаулық қазақстандық әуе кемесін пайдаланушылардың барлық тұрақты және тұрақты емес жолаушылар, жүк және техникалық рейсіне қатысты болып отыр.
“Аталған нұсқаулық жарияланған сәттен бастап күшіне енеді және міндетті орындалуы тиіс. Аймақтағы жағдай өзгерсе, Қазақстанның авиациялық әкімшілігі қосымша ақпарат береді”, – делінген хабарламада.








