Иран зымыраны Израильдің оңтүстігіндегі Беэр-Шева қаласында орналасқан Microsoft корпорациясының кеңсесіне жақын маңға құлады, деп хабарлайды +7.kz.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, зымыран Microsoft корпорациясының өңірлік кеңсесіне жақын орналасқан автотұрақта жарылған. Ғимарат қатты зақымданып, соққы тиген жерде өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, кемінде 18 адам зардап шеккен.
Алдын ала болжам бойынша, Иранның көздеген нысанасы қаланың жанында орналасқан Израиль әскерінің (ЦАХАЛ) Неватим әскери базасы болған.
דיווח ראשוני על פגיעה ישירה באזור באר שבע pic.twitter.com/qmFcMs6UWn
— 🎗🇮🇱עדכוני מלחמה|N-A (@YMClc4EOS1GC97N) June 20, 2025








