Иран астанасы Тегерандағы ауа сапасы бұрын-соңды болмаған деңгейге дейін нашарлады. Ғалымдардың мәліметінше, “қара жаңбыр” құбылысы байқалып, қала тұрғындары кей аудандарда қатты күйік иісін сезген, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі BBC басылымына сілтеме жасап.
АҚШ пен Израильдің 28 ақпанда басталған шабуылдары барысында Тегеран маңындағы кемінде төрт мұнай нысаны зақымданғаны расталды. Сарапшылар зиянды заттардың ауаға таралу көлемі бұрын-соңды болмаған деңгейге жетуі мүмкін екенін ескертті.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы мұндай шабуылдардың азық-түлік, су және ауа сапасына әсерін атап, әсіресе балалар мен қарттар, сондай-ақ созылмалы аурулары бар адамдар үшін салдары ауыр болатынын айтты.
“Мұнай нысандарының зақымдануы азық-түлік, су және ауаның ластануына әкелуі мүмкін. Бұл әсіресе балалар, қарт адамдар және бұрыннан ауруы бар адамдар үшін ауыр салдарға соқтыруы ықтимал”, – дейді мамандар.
Даг Вейр, Қақтығыс пен қоршаған ортаны бақылау орталығының директоры, «Тегеранда мұндай халық тығыз орналасқан жерде мұнай нысандарына бағытталған шабуылдарды бұрын-соңды көрмеген едік» деп атап өтті.








