Израиль Сирияның Дамаск қаласындағы штаб-пәтеріне соққы жасағанын хабарлады, деп хабарлайды +7.kz.
“Біраз уақыт бұрын Израиль Қорғаныс армиясы Сирия астанасы Дамаск маңындағы Сирия қарулы күштерінің бас штаб-пәтерірің кіреберісіне соққы жасады”, – делінген Израиль армиясының (ЦАХАЛ) хабарламасында.
Хабарламада айтылғандай, Израиль армиясы Сирияның оңтүстігіндегі друз халқының жағдайын және Сирия режимінің әрекеттерін бақылап отыр.
“Саяси басшылықтың нұсқауына сәйкес, ЦАХАЛ бұл аймақта соққылар жасауды жалғастырып жатыр және түрлі жағдайларға дайын”, – делінген ақпаратта.
Фото: varlamov.ru








