Израиль Катар астанасына соққы жасады

Израиль Катар астанасы Дохадағы ХАМАС ұйымының күдікті штаб-пәтеріне соққы берді. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеме жасады, деп хабарлайды +7.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль билігінің Катардың астанасы Дохадағы әскери әрекетін айыптады.

“Бұл әрекеттердің астарында қандай мақсаттар тұрса да, олар қабылданбайды, өйткені олар Катар мемлекетінің егемендік құқықтарын айқын бұзады және халықаралық құқық қағидаттарына қайшы келеді”, – делінген Ақорданың мәлімдемесінде.

Шабуыл кезінде ХАМАС қозғалысы басшылығынан 4 адам болған. Бұл туралы Al Hadath телеарнасының хабарлауынша, ХАМАС-тың Газа секторындағы көшбасшысы мен келіссөздер тобының жетекшісі Халиль аль-Хейя, қозғалыстың шетелдегі кеңсесінің басшысы Халед Машааль және радикалдардың Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы ұяшығының қолбасшысы Захер Джабарин Израиль шабуылы салдарынан мерт болды.

Al Hadath дереккөздері сонымен қатар ХАМАС-тың саяси бюросының мүшесі Низара Аудаллының да көз жұмғанын растады.

Соққы берілген сәтте ғимаратта қозғалыс басшылығының тағы бір мүшесі Гази Хамад та болды, деп хабарлады телеарна. Алайда оның тағдыры туралы қандай да бір мәлімет жоқ.

Фото: euronews.com

  • Related Posts

    Тоқаев ШҚО әкімін қабылдады

    Мемлекет басшысы ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен орнықты өсімін…

    Толығырақ

    Өскемен қаласының экс-әкімі Жақсылық Омарға үкім шықты

    2026 жылғы 3 сәуірде Өскемендегі қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотта Жақсылық Омарға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды+7.kz ақпарат агенттігі….

    Толығырақ

    Пікір қалдыру

    Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

    Редакция таңдауы

    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    • 2 сәуір, 12:39
    • 43 views
    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    • 25 желтоқсан, 14:43
    • 64 views
    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    • 18 желтоқсан, 13:58
    • 129 views
    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    • 17 қараша, 14:18
    • 60 views
    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    • 11 қараша, 18:23
    • 57 views
    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

    • 13 қазан, 13:30
    • 98 views
    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды