Алматылық “Қайрат” алғаш рет Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шықты, деп хабарлайды +7.kz.
“Қайрат” УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде шотландиялық “Селтикпен” кездесті.
Алғашқы матчта тең нәтиже тіркелсе, Қазақстанда өткен матчта негізгі уақытта (0:0) екі команда тең түсті. Алайда “Қайрат” пенальти сериясында жеңіске жетті. (3:2) Осылайша “Қайрат” алғаш рет Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алды.
Фото: Associated Press








