Қант диабетімен ауыратындар дәріні тек МӘМС арқылы алады

Қант диабетімен ауыратындар енді дәріні тек МӘМС арқылы алады, деп хабарлайды +7.kz порталы Jibek Joly арнасына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігі қант диабетін МӘМС жүйесі арқылы ғана қаржыландыруды жоспарлап отыр.

Денсаулық сақтау министрлігі Дәрі-дәрмек департаментінің басқарма басшысы дәрі дәрмекті алу туралы түсіндірді.

“14 шілдеден бастап, МӘМС жүйесіне жаңартылған заң күшіне енді. Бұл өзгеріске сәйкес, 2026 жылдан бастап қант диабетімен ауыратын пациенттер дәрілік заттармен МӘМС жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі. Қазіргі таңда науқастардың 96 пайызы сақтандырылған. Олардың қатарына балалар, жүкті әйелдер, зейнеткерлер мен әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтар да кіреді. Бұл пациенттер үшін медициналық көмек пен тегін берілетін дәрілік заттарға ешқандай шектеу жоқ”, – деді Гүлдей Бегалиева.

Дәрі-дәрмек департаментінің басқарма басшысы сақтандырылмаған азаматтар мен жұмыссыздардың дәрі-дәрмекті тегін алу үшін не істеуі керектігін түсіндірді.

“Азаматтар сақтандырылу үшін бір жылға 50 мың теңгеден астам қаржы төлеуі керек. Егер бұл төлем жасалса, дәрілер тегін беріледі. Ал жұмыс істемейтін азаматтар жұмыссыз ретінде ресми тіркелуі қажет. Сонда мемлекет оларды өз тарапынан қамтамасыз етеді”, – деді денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.

Фото: pixabay.com

Related Posts

Қазақстандықтар депрессия кезінде еңбекке жарамсыздық парағын аштыра алады

Қазақстандықтар депрессия диагнозы қойылған жағдайда еңбекке жарамсыздық парағын аштыра алады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz басылымына сілтеме жасап. …

Толығырақ

Танымал тәтті балалардың денсаулығына зиян болып шықты

Сағыз құрамындағы синтетикалық полимерлер, иістендіргіштер мен консерванттар балалардың денсаулығына зиян тигізеді, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі lenta.ru басылымына сілтеме…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 128 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 60 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды