Қонаевтағы демалыс аймағында 11 жасар бала тоқ соғып, қаза тапты, деп хабарлайды +7.kz.
Әлеуметтік желіде баланың әпкесі видео жариялады. Оның сөзінше қайғылы оқиға 24 мамыр күні Қапшағай маңындағы туристік базалардың бірінің жанында болған. Оқиға орнында көмектеспек болған бірнеше адам да зардап шекті. Оларды да тоқ ұрған.
Марқұмның әпкесі демалыс аймағының маңында электр желілері ашық жатқанын, ешқандай қоршау немесе ескерту қойылмағанын алға тартты.
“Әкімшілік бұл мәселе туралы білген. Өйткені өткен жылы дәл сол жерде сиырларды тоқ ұрған. Алайда әкімшілік демалушылардың қауіпсіздігіне қатысты ешқандай шара қабылдамаған. Электр желілерінің орны қоршалмаған, ескерту жазылмаған”, – дейді марқұм баланың әпкесі.
Қонаев қаласының әкімдігі бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
“Аталған аумақтағы электр желілері жекеменшікке тиесілі. Қайғылы оқиғадан кейін тіректер жағажайдан алынды. Бұл дерек бойынша Қонаев қаласының полиция басқармасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 306-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Жағдай бақылауда”, – деп хабарлады әкімдіктен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram








