Қарағандыда әйелдің мәйіті мен ес-түссіз жатқан полицей табылды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ресми деректерге сәйкес, өткен түні Қарағанды қаласындағы полиция пунктінен әйелдің мәйіті табылған. Оқиға орнында сондай-ақ ес-түссіз жатқан полиция қызметкері анықталып, ол медициналық мекемеге жеткізілді.
Қарағанды облыстық полиция департаментінің бастығы Нығмет Ысмағұловтың мәліметінше, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық мән-жайды анықтау үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, қызметтік тексеріс тағайындалды.
“Оқиға орнында ес-түссіз жатқан полиция қызметкері медициналық мекемеге жеткізілді. Барлық іс-әрекеттер мұқият тергеледі, кінәлілер қатаң жауапқа тартылады. Азаматтарды жалған ақпарат таратпауға шақырамын. Аталған істің тергелу барысы менің жеке бақылауымда”, – деді Қарағанды облыстық ПД бастығы Нығмет Ысмағұлов.
Фото: depositphotos.com








