Қазақстанда пранк түсіретіндерді қатаң жазалау ұсынылды

Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев желіде пранк түсіретіндерді қатаң жазалауды ұсынды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.

Депутат бірнеше мысал келтіріп, бұл әрекеттердің халыққа кері әсер ететінін айтты.

“Астана қаласында блогер достарымен бірге лифттің ішіне “жалған мәйітті” кіргізіп, кейін жарықты өшіреді. Сол сәтте мәйіт кейпіндегі адам қозғала бастайды.  Елорданың тағы бір тұрғыны жеделсатыға тапаншамен кіріп, оны адамдарға кезеп жұрттың зәре-құтын алды. Алматыда блогерлер аула сыпырушыларға қоқыс лақтырып, мазақ етіп бейнежазба түсіріп таратты”, – дейді депутат.

Оған қоса, шетелде де пранк жасап масқара болып жүргендерді алға тартты.

“Біздің блогер-сымақтар шетелге барып абыройды айрандай төгіп жүр. Мәселен, қазақстандық блогер Аружан Айбекова Қытайда “ұрлық жасап жатқандай” ролик түсірген. Арты үлкен шу болып, ақыры әлгі қыз жергілікті полицияға шақырылды. Түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бірақ ол түсінді ме? Өйткені дәл осы блогердің арада аз уақыт өткенде Ташкент метросында жігіттердің қолынан ұстап тиіскені туралы бейнежазба тағы тарады”, – деді ол.

Сондай-ақ депутат пранктің жаңа, қауіпті түріне, яғни жасанды интеллект арқылы жасалатын фейк бейнероликтерге де назар аудартты. Оның айтуынша, мұндай видеоларда мемлекеттік тұлғалар мен жай адамдардың түрі қолданылып, қоғамда жалған түсінік қалыптастырып жатыр.

“Бірінде мемлекет басшыларының, лауазымды тұлғалардың қандай да бір дүкенге сауда жасауға келгені бейнеленген. Цифрлық технологияны білмейтін адамның санасы сан саққа жүгіреді, сеніп қалады. Маркетинг үшін деп жасанды интелект арқылы мұндай жасандылыққа жүгінуді тоқтату керек”, – деді депутат.

Нартай Сәрсенғалиев осындай теріс әрекеттердің алдын алу үшін Үкіметке бірқатар ұсыныс жасады. Оның сөзінше, қоғамдық тәртіпті бұзған және жеке өмірге қол сұққан пранкерлердің бірыңғай тізімін жасап, оны жариялау; адамның ар-намысы мен абыройына нұқсан келтірген парақшаларды дереу бұғаттау; әлеуметтік желі әкімшілеріне қауіпті пранктер туралы уәкілетті органға дереу хабарлау міндетін жүктеу; ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу керек.

Коллаж: +7.kz

Related Posts

Жеке деректердің тарап кетуі: Қазақстандықтар ЖСН ауыстыруы керек пе?

Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков қазақстандықтардың жеке деректерінің тарап кетуіне байланысты “ЖСН-ді ауыстыру керек пе?” деген сұраққа жауап берді, деп…

Толығырақ

Мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Мамыр айында қазақстандықтардың қанша күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Мамыр айында елімізде 4 мереке тойланады….

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 130 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 62 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды