“Қазақмыс” қызметкері 8 жасар баланы соққыға жыққан

Балқаш қаласында “Қазақмыс” компаниясының қызметкері 8 жасар баланы қатыгездікпен ұрып-соққты деген күдікке ілінді, деп хабарлайды +7.kz.

Баланың анасы Мадина Досымбекова әлеуметтік желіде жазба жариялап, көпшіліктен қолдау сұрады.

“8 жасар ұлым қатігездікпен қорлық көрді. Баламның саусақтары сындырылып, басынан соққы алған, денесі күйік шалған. Осындай жан түршігерлік әрекетті Балқаштағы “Қазақмыс” корпорациясының қызметкері Алмас Басымбеков жасады. Оның жұбайы Нәсипгүл Айдынова да аталған компанияда жұмыс істейді. Қазіргі таңда бұл істі жауып тастауға тырысып жатыр. Күдіктінің туыстары мен таныстары құқық қорғау органдарында, ауруханалар мен мемлекеттік ұйымдарда еңбек етеді. Тергеуге қысым жасалып жатыр”, – деп жазды Досымбекова.

Сонымен қатар әйел жұртшылықтан қаржылай көмек сұраған.

“Қазіргі уақытта 512 000 теңге жиналды. Мен басқа қаладамын. Мұнда менің ешбір туысым да, досым да жоқ. Ұлыммен жалғызбын. Оның жағдайы өте ауыр. Бір қолы гипспен, екінші қолы таңылған, жүйелі түрде система қабылдап жатыр. Мен оны бір сәтке де жалғыз қалдыра алмаймын”, – дейді әйел.

Оқиғаға қатысты Қарағанды облыстық полиция департаменті ресми түсініктеме берді.

“Іс шеңберінде тергеу жалғасып жатыр. Тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары жоспарға сәйкес атқарылуда. Сонымен қатар, бірнеше сот-медициналық сараптама тағайындалды”, – делінген Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.

“Қазақмыс” корпорациясы жас баланың жарақат алғаны туралы ақпаратқа алаңдаушылық білдіріп, жағдайды бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді.

“Қызметкерге қатысты қандай да бір шешім тек ресми тергеу аяқталып, оның әрекетіне заң тұрғысынан баға берілген соң қабылданады”, – делінген компанияның хабарламасында.

Фото: Әлеуметтік желіден

Related Posts

Қазақстанда жертөлелер мен автотұрақтар паналау орны болады

Қазақстанда халықты паналау орындарымен қамтамасыз ету қағидалары бекітілді. Жаңа стандарт жертөлелерді, жерасты паркингтерін және басқа да жер асты кеңістіктерін…

Толығырақ

Алматыда белгілі әнші Гүлнар Сиқымбаеваның ұлы өлі күйінде табылды

Алматыда белгілі қазақстандық әнші, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Сиқымбаеваның ұлы Баир Сиқымбаевтың денесі табылды, деп хабарлайды…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 130 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 62 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды