Қазақстан Финляндияға уран жеткізуі мүмкін

Қазақстан Финляндия атом стансаларына уран жеткізуі мүмкін, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Атом энергетикасы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Қазақстан уранын Финляндия атом стансаларына жеткізу мүмкіндігі туралы айтты.

“Финляндия атом энергиясын бейбіт пайдалану тұрғысында шын мәнінде әлемдік көшбасшылардың бірі саналады. Ол – ядролық технологияларды үздік пайдаланушылардың бірі, ғылыми-техникалық зерттеулер бойынша көшбасшы. Және де Финляндияның реттеушілік базасы эталон саналады. Мұны МАГАТЭ де атап өтеді”, – деді агенттік басшысы Ақордада БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның атап өтуінше, Финляндия президенті Александр Стуббтың елімізге ресми сапары аясында Қазақстан мен Финляндия арасында тиісті келісімге қол қойып, еліміз фин тәжірбиесін зерделейді.

“Фин заңнамасы – уранды өндіру, уран қондырғыларын басқару, пайдалану мәселесін ең қатаң реттеушілердің бірі. Бұл тәжірибенің қызықты екені сөзсіз. Біз мағлұмат алмасуға, Қазақстан стандарттары алдыңғы қатарлы елдердегі соңғы әзірлемелерге сай келуі үшін заңамаға бірлесіп тексеру жүргізуге уағдаластық”, – деді Алмасадам Сәтқалиев.

Сонымен қатар ол Қазақстан уранын Финляндия атом стансаларына жеткізу мүмкіндігі талқыланатынын айтты.

“Қазақстан барлық уақытта да халықаралық нарығын ұлғайтуға мүдделі. Сондықтан серіктестерімізге Қазақстан уранын сатып алу мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз. Бұған дейін де ұсынған едік. Олар жоғары қызығушылық танытып отыр. Бұл сапар мұндай жеткізілім мүмкіндігі мен көлеміне қатысты іс жүзінде келіссөз жүргізуге тамаша мүмкіндік саналады”, – деді Алмасадам Сәтқалиев.

Фото: depositphotos.com

 

 

Related Posts

Тоқаев ШҚО әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен орнықты өсімін…

Толығырақ

Өскемен қаласының экс-әкімі Жақсылық Омарға үкім шықты

2026 жылғы 3 сәуірде Өскемендегі қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотта Жақсылық Омарға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды+7.kz ақпарат агенттігі….

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 129 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 60 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды