Қазақстанда 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап шәкіртақы мөлшері қайтадан көтерілетін болады, деп хабарлайды +7.kz.
Бұл туралы ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова мәлімдеді.
Көбенованың сөзінше, шәкіртақы көтеру жүйелі түрде жүргізіліп отыр.
«Биыл стипендияны қайтадан көтеру қарастырылған. 2020 жылмен салыстырғанда олардың мөлшері екі есе өсті», – деді вице-министр СЦК брифингінде.
2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап шәкіртақы мөлшері келесідей болады:
- Бакалавриат студенттері үшін — 52 372 теңге;
- Педагогикалық мамандық студенттері үшін — 84 000 теңге;
- Магистратура студенттері үшін — 117 098 теңге;
- Докторанттар үшін — 262 500 теңге.
Фото: Getty images








