Қазақстанда 11 әуежайға қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды +7.kz.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі көтерме және бөлшек сауда нарығына жүргізген талдау нәтижесінде әуе отыны құнының негізсіз өсу фактілерін анықтады.
“Әуежайлар немесе онымен аффилиирленген ұйымдар халықаралық жолаушылар және жүк әуе тасымалдаушыларына әуе керосинді бөлшек саудада сатқан жағдайда, оның құны 60%-ға дейін өседі. Қазақстан әуежайларындағы әуе керосині бағасы көршілес елдердегіден 5–30% жоғары, бұл соңғы бес жылда жүк әуе тасымалдарының 36%-ға, халықаралық қатынастардың 58%-ға төмендеуіне әкеліп соқты”, – делінген агенттік таратқан хабарламада.
11 әуежайға қатысты монополиялық жоғары баға белгілеу фактілері бойынша тексеру жұмыстары басталды.
“Тексерулер сонымен қатар қайталама көтерме сауда нарығында авиа жеткізушілерді де қамтиды”, – деп толықтырды агенттік.
Фото: depositphotos.com








