Қазақстанда 2 жылдың ішінде пәтерін қайта сатқандар салық төлейді

Қазақстанда 2026 жылдан бастап сатып алған пәтерін 2 жылдың ішінде қайта сатқандар 10 пайыз салық төлейді, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті салық әдіснамасы басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Аббасова онлайн брифингіде айтты.

“Қазір мүлік салығында мынандай ескеретін жайт бар. Пәтер сатып алып, оның бір жылдың ішінде сатып жіберіп, үстінен ақша көрсем, сол көрген ақшаның 10 пайызын салық ретінде төлеймін. Жаңа салық кодексінде осы кезең ұзартылды. Қазір 1 жыл болса, 2026 жылдан бастап екі жыл мерзім қолданылады. Басқаша айтсақ, сатып алған пәтерді 2 жылдың ішінде сатып, үстінен ақша көрсем, сол табыстан 10 пайыз жеке табыс салығын төлейді. Ал пәтерді өз атыңызда 2 жылдан көп мерзім ұстап сатсаңыз, үстінен көрген ақшаға салық салынбайды”, — деді ол.

Айгүл Аббасова аталған норма биыл пәтер сатып алғандарға жүрмейтінін ескертті.

“Бұл жерде 2 жылдық мерзім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап сатып алынған мүлікке ғана қолданылады. 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін сатып алынған мүлікке 1 жылдық мерзім қолданылады”, — деп түсіндірді маман.

Бұған дейін бірнеше пәтерінің жиынтық құны 450 млн теңгеден асатын адамдарға мүлік салығы 1,5 пайыз болатынын жазған едік.

Фото: depositphotos.com

Related Posts

Тоқаев ШҚО әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен орнықты өсімін…

Толығырақ

Қызылордада зорланған 16 жастағы қыз бала босанды

Қызылордада зорланған 16 жастағы қыз бала босанды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.  Бұл туралы құқық қорғаушы Ләззат Ракишева желідегі…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 129 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 60 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды