Қазақстанда +25 градусқа дейін күн жылиды. Қазгидромет синоптиктері 3, 4 және 5 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды +7.kz.
Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік циклон әсерінен жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ күтіледі. 2-3 қазанда республиканың шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында қатты жауын-шашын болуы мүмкін.
“Тек еліміздің батысында солтүстік-батыс антициклоны әсерінен жауын-шашынсыз ашық ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейіп, тұман болжанады”, – деді синоптиктер.
Батыс өңірлерде ауа температурасы біртіндеп көтеріледі: түнде +2, +13 градус, күндіз +20, +25 градусқа дейін.
Республиканың солтүстік-батысында түнде -1, -9 градус, күндіз +5, +20-дан +10, +23 градусқа дейін жылы болады.
Солтүстік аймақтарда түнде -7, +3 градус, күндіз +3, +13 градус жылы.
Орталықта түнде -8, -2 градус, күндіз +5, +18 градус жылы.
Оңтүстік өңірлерде біртіндеп жылыну күтіледі: түнде +2, +10, күндіз +15, +25 градус жылы.
“Елдің қалған аумақтарында температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді”, – деп толықтырды Қазгидромет.
Фото: depositphotos.com








