Қазақстанда АИ-100 санатындағы премиум бензин өндірілмек

Қазақстанда мұнай өңдеу зауыттары АИ-100 маркалы бензин өндіруді бастауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды +7.kz.

Бұл туралы энергетика министрлігі мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, кейбір елдерде “премиум” санатына жататын АИ-100 маркалы бензин сатылатын станциялардың саны артып келеді. Бұл – сұраныстың өсіп келе жатқанын көрсетеді. Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттары да осы отынды өндіруді бастауға дайындалып жатыр.

“Қазіргі уақытта Қазақстанда АИ-100 маркалы бензин өндірілмейді. Дегенмен, отандық мұнай өңдеу зауыттарында бұл бензин түрін өндіруді іске қосу бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр”, – делінген хабарламада.

Техникалық-экономикалық негіздеме дайындалғаннан кейін елде нарықтағы сұранысқа сәйкес автокөлік бензинінің маркаларының тізімі анықталады.

АИ-100 маркалы бензин негізінен спорттық көліктер мен суперкарларға қолданылады. Сондай-ақ бұл отын жоғары жылдамдыққа жетуге арналған қуатты қозғалтқыштары бар автомобильдерге де сай келеді.

Фото: depositphotos.com

Related Posts

Мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Мамыр айында қазақстандықтардың қанша күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Мамыр айында елімізде 4 мереке тойланады….

Толығырақ

Қазақстандық әйел өзінің 30 жыл бұрын зорланғанын айтып, үндеу жариялады

Қазақстандық әйел өзінің 30 жыл бұрын зорланғанын айтып, бейнеүндеу жариялады. Бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды +7.kz…

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 130 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 62 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды