Қазгидромет синоптиктері 29, 30 қараша және 1 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды +7.kz.
Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр мен қар жауады деп болданады.
Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады деп болжанды.
“Тек республиканың батысы мен оңтүстік-шығысында антициклон жотасының ықпалында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі”, – деді мамандар.
Қазақстанның солтүстігінде ауа температурасының жоғарылауы болжанады. Түнде 0–8 градус, күндіз 0–5 градус болады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыста күндіз температура біртіндеп 3–11 градус жылылыққа дейін төмендейді, таулы аймақтарда 0–5 градус аяз күтіледі.
Елдің қалған аумағында ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді, деп толықтырды метеорологтар.
Фото: pixabay.com








