Қазгидромет синоптиктері 17, 18 және 19 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде күндіз ауа температурасы одан әрі көтеріледі.
“Алайда елдің солтүстігінде және оңтүстіктің таулы аймақтарында ауа райы тұрақсыз болады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашынды (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жел күшейеді. Республика бойынша тұман болуы ықтимал”, – делінген хабарламада.
Күндіз ауа температурасы батыс өңірлерде +10, +15°С-қа дейін, оңтүстікте +15, +20°С-қа дейін көтеріледі. Ал солтүстік пен шығыс өңірлерде +3, +8°С шамасында болады.








