Қазақстанда банктер ипотека беруді тоқтатты: Алда қандай өзгерістер күтіп тұр

Қазақстан Ұлттық банкінің базалық мөлшерлемені 2025 жылдың 10 қазанынан бастап 18 пайызға дейін көтеру туралы шешімінен кейін кейбір банктер ипотека беруді тоқтатқан. Сарапшылар алдағы уақытта тұрғын үй нарығындай қандай өзгеруіс болуы мүмкін екенін айтып берді, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі “Информбюро” жаңалықтарына сілтеме жасап. 

Мамандардың айтуынша, елімізде ипотека ғана емес, қарапайым несие алудың өзі қиындайтын болады. Базалық мөлшерлеме өскен соң қаржы ұйымдары несие ставкаларын кемі 25 пайыз көлемінде бекітуге тиіс дейді сарапшылар. Ал, тұтынушылық кредит мөлшерлемесі 40 пайызға бір-ақ шықпақ. Демек, жоғары пайызбен ұзақ мерзімді қарыз рәсімдеу тиімсіз болмақ.

Сондықтан, екінші деңгейлі банктер ипотека беруін тоқтатып, нарықта тек “Отбасы банк” қана қалады деп болжайды. Әсіресе, кейінгі бірнеше айда ипотекалық несие айналасындағы дау өрши түсті. Оған жылдық тиімді сыйақы ставкаларының шекті мөлшерлемесі бекітілуі себеп болды. Яғни, енді екінші деңгейлі банктер ипотека бойынша ставканы 20 пайыздан асыра алмайды. Ал, Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені 18 пайызға көтеруі мәселені одан әрі ушықтырып жіберген.

“Базалық ставканы жоғарылата отырып, банктерге сол базалық ставканың маңайында ғана ставка қою туралы талаптың өзін орынсыз болады. Өйткені, қазірдің өзінде кейбір банктер ипотека беруді тоқтатып жатыр. Себебі, бұл шығынды өте көп талап ететін дүние. Немесе банктерге пайыздық ставканы жоғарылатуға мүмкіндік беру керек. Сол кезде ипотека береді. Бірақ та оның өзінде ақтай қоймайды”, – дейді экономист Бауыржан Ысқақов.

Экономист Сапарбай Жобаевтың пікірінше, бұдан былай банктерге қарыз бергеннен тура мағынасында пайда жоқ. Бірақ, сөзсіз, бұл қадам – сұранысты азайтып, бағаны тұрақтандыруға ықпал етпек. Бастысы, инфляцияны ауыздықтауға мүмкіндік туады.

“18 пайыз болғаннан кейін ең кемінде олардың маржасы 4-5 пайыз болады. Сонда 23-24 пайыз ол банктікі болады. Ал, бәсекелестікпен қосылса, 25-30 пайыз несие береді. Оны ешкім алмайды, әрине. Тек қана “Отбасы банк” қалады. Ол жеңілдетілген 7 пайыз, 11 пайыз, 14 пайыздық несиелермен алынады”, – дейді Сапарбай Жобаев.

Демек, өзге банктерде ипотекалық несие беруді тоқтатудан басқа амал жоқ дейді сарапшы. Сәйкесінше, халық баспананы тек “Отбасы банк” арқылы ғана рәсімдейді. Не ақшасы мол, ауқатты азаматтар үйді қолма-қол қаржыға сатып алуға тиіс.

Фото: depositphotos.com

  • Related Posts

    Тоқаев ШҚО әкімін қабылдады

    Мемлекет басшысы ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен орнықты өсімін…

    Толығырақ

    Өскемен қаласының экс-әкімі Жақсылық Омарға үкім шықты

    2026 жылғы 3 сәуірде Өскемендегі қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотта Жақсылық Омарға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды+7.kz ақпарат агенттігі….

    Толығырақ

    Пікір қалдыру

    Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

    Редакция таңдауы

    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    • 2 сәуір, 12:39
    • 43 views
    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    • 25 желтоқсан, 14:43
    • 64 views
    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    • 18 желтоқсан, 13:58
    • 129 views
    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    • 17 қараша, 14:18
    • 60 views
    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    • 11 қараша, 18:23
    • 57 views
    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

    • 13 қазан, 13:30
    • 98 views
    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды