Қазақстанда банктер туралы жаңа заң қабылданды

Мәжіліс “Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы” Заңға және оған ілеспе құжаттарға Сенат жаңа редакцияда ұсынған жекелеген баптармен келісті, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.

Бұл түзетулер банк секторын реттеудегі маңызды мәселелерге қатысты.

Атап айтқанда, банк құпиясын сақтау талаптары қазынашылық органдарға да қолданылатын болады.

Деректер витринасын енгізудің мақсаттары мен онда қамтылатын ақпараттың тізімі нақтыланды. Осы нормаларды іске асыру мерзімі 2026 жылғы 1 маусымнан 2027 жылғы 1 қаңтарға ауыстырылды.

Сондай-ақ банктің базалық лицензиядан әмбебап лицензияға өтуі кезінде пруденциялық нормативтерді сақтау талаптары нақты көрсетілді.

Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасының резиденті емес ислам банктерінің филиалдарына инвестициялық қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыру құқығы беріледі.

Жалпы, енгізілген өзгерістер банк қызметін жетілдіруге, қаржы жүйесінің ашықтығын арттыруға және елдің қаржы нарығын дамытуға бағытталған.

Еске сала кетейік, 25 желтоқсанда Сенатта банктер туралы заң жобасы бірінші оқылымда қаралды. Талқылау барысында депутат Амангелді Нұғманов банктерге қойылатын тым қатаң талаптар несиелердің қолжетімділігін төмендетуі мүмкін екенін айтты.

“Реттеуді шамадан тыс күшейту несие ресурстарының қолжетімділігінің азаюына, инвестициялық белсенділіктің әлсіреуіне және экономиканың нақты секторына қаржы ағындарының қысқаруына әкелуі мүмкін”, – деді депутат.

Сенатордың айтуынша, маңызды мәселелер бойынша сарапшылар мен мемлекеттік органдар нақты әрі түсінікті жауап бермеген. Сондықтан банктерді бақылауды күшейту олардың тұрақты жұмысына және экономиканың дамуына кедергі келтірмеуі үшін заңды қайта пысықтау қажет.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бұған дейін бас комитет заңның кейбір баптарын мақұлдамауды ұсынып, оларды жаңа редакцияда қарау үшін Мәжіліске қайтаруды ұсынғанын хабарлаған. Түзетулер кестесінде барлығы 16 өзгеріс көрсетілген.

Фото: depositphotos.com

  • Related Posts

    Новороссийск портына дрон шабуылы: Қазақстанның энергетика министрлігі мәлімдеме жасады

    Қазақстанның энергетика министрлігі Новороссийск портына дрон шабуылына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Кеше дрондар шабуылы кезінде…

    Толығырақ

    Алматыда енді жасырын патрульдер айыппұл салады

    Алматыда жолдағы тәртіпті күшейту жасырын патрульдеу енгізілді, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.  “STOP бұзушылық” атты ауқымды жедел алдын алу…

    Толығырақ

    Пікір қалдыру

    Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

    Редакция таңдауы

    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    • 2 сәуір, 12:39
    • 43 views
    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    • 25 желтоқсан, 14:43
    • 64 views
    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    • 18 желтоқсан, 13:58
    • 130 views
    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    • 17 қараша, 14:18
    • 62 views
    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    • 11 қараша, 18:23
    • 57 views
    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

    • 13 қазан, 13:30
    • 98 views
    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды