Қазақстанда биыл қыс суық бола ма: Синоптиктердің болжамы

“Қазгидромет” синоптиктері алдағы қыс мезгіліне арналған ауа райының консультативтік болжамын ұсынды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. 

Алдын ала болжам бойынша республиканың басым бөлігінде қыс мезгілі қоңыржай жылы болады, жауын-шашын мөлшері климаттық норма шамасында күтіледі. Бірақ кейбір кезеңде бұрқасын, екпінді жел, көктайғақ құбылыстары, тұман, мол жауын-шашынның түсуі болжануда.

Тіпті қыс айларында ауа температурасының ауытқуы жиі байқалмақ, яғни “температуралық кұбылулар” күтіледі, жылы күндер суық аязды толқындармен алмасып отырады.

“Жалпы желтоқсан айы жылы, жауын-шашын мөлшері климаттық норма шамасында болады. Желтоқсандағы ең қарқынды суық толқын бірінші онкүндік соңында күтіледі. Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы түнде -23-28 градус аяз, күндіз -13-18 градус аязға дейін төмендеуі мүмкін. Екінші және үшінші онкүндіктерде түнде температуралық фон -15-20 градус аяздан -5-10 градус аязға дейін, күндіз -3 градус аяздан -5-10 градус аязға дейін, шығыста — кейбір күні ауа температурасы түнде -25-35 градус аязға дейін, күндіз -15-20 градус аязға дейін төмендейді”, — деді “Қазгидромет” РМК ұзақ мерзімді ауа райы болжамдары басқармасының басшысы Жұлдыз Исабековаү

Батыста және елдің оңтүстік бөлігінде желтоқсанның басында күн жылиды. Бірінші онкүндіктің соңында ауа температурасы түнде -12-17 аязға, күндіз -3-8 аязға дейін біртіндеп төмендеуі болжанады. Содан кейін ауа температурасының түнде -0-5 аяздан -7-12 аязға дейін ауытқуы күтіледі, күндіз 0-8 градус шамасында жылы ауа райы болмақ.

Қаңтар айында республика аумағының басым бөлігінде ауа райы да, жауын-шашын мөлшері де норма шамасында болжанып отыр. Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында нормадан көп жауын-шашын күтіледі (Түркістан, Жамбыл, Алматы, Жетісу және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында).

“2026 жылдың ақпан және наурыз айлары жылы болады, жауын-шашын мөлшері қалыпты, тек наурызда республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы және тау бөктеріндегі аудандарда нормадан көп (Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының, Жетісу облысының және Шығыс Қазақстан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында). Қорытындылай келе, қатты жауын-шашынның түсуіне және қардың еру кезеңдерімен аязды ауа райының жиі өзгеруіне байланысты топырақта және қар жамылғысында мұз қабыршығы пайда болады. Мұның бәрі 2026 жылғы су тасқыны кезеңінде кері әсер етуі мүмкін”, — деді Қазгидромет маманы.

Фото: depositphotos.com

Related Posts

Тоқаев ШҚО әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен орнықты өсімін…

Толығырақ

Қызылордада зорланған 16 жастағы қыз бала босанды

Қызылордада зорланған 16 жастағы қыз бала босанды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.  Бұл туралы құқық қорғаушы Ләззат Ракишева желідегі…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 129 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 60 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды