Қазақстанда ЭЦҚ алу толығымен онлайнға көшті

2025 жылғы 11 тамыздан бастап Қазақстанда электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алудың тәртібі жеңілдетіледі, деп хабарлайды +7.kz.

Цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ЭЦҚ алу қызметі толықтай онлайн форматқа ауыстырылады. Бұл азаматтардың жеке деректерін қорғау деңгейін арттыру және цифрлық тұлғаның сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылуда. Енді бөгде адамдар басқа біреудің ЭЦҚ-сын ала алмайды.

Бұған дейін ЭЦҚ кілтін онлайн және халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) жүгіну арқылы алуға болатын. Енді бұл процедура толықтай онлайн жүргізіледі.

ЭЦҚ-ны онлайн алу жолы:

  1. egov.kz немесе pki.gov.kz порталына кіріңіз.
  2. Онлайн өтінім беріңіз.
  3. Биометриялық сәйкестендіруден өтіңіз – жүйе сіздің бейнеңізді камера арқылы таниды.
  4. Жеке басыңыз сәтті расталған жағдайда, ЭЦҚ кілті ХҚКО қызметкерлерінің қатысуынсыз бірден онлайн түрде беріледі.

Егер жүйе сәйкестендіруді жүргізе алмаса (мысалы, базада сурет болмауы немесе техникалық ақау жағдайында), қолданушыға әрекетті қайта жасау мүмкіндігі беріледі. Жүйе биометриялық тексеруді 5 ретке дейін қайталауға рұқсат береді. Тек осы 5 сәтсіз әрекеттен кейін ғана ХҚКО арқылы өтінім беріп, қажетті құжаттармен оператор арқылы сәйкестендіруден өту мүмкіндігі ашылады.

Интернетке немесе компьютерге қолжетімділігі жоқ азаматтар ХҚКО-дағы өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында биометриядан өте алады. Егер қолданушы сәйкестендіруден сәтті өтсе, ЭЦҚ кілттері ХҚКО операторының қатысуынсыз онлайн беріледі.

Related Posts

Оңтүстік Корея Қазақстаннан мұнай алу туралы келіссөздер жүргізбек

Оңтүстік Корея Ормуз бұғазындағы жағдайдың күрделенуіне байланысты мұнай жеткізілімін әртараптандыруға кірісті. Осы мақсатта ел президенті әкімшілігінің басшысы Кан Хун…

Толығырақ

Қазақстанда жертөлелер мен автотұрақтар паналау орны болады

Қазақстанда халықты паналау орындарымен қамтамасыз ету қағидалары бекітілді. Жаңа стандарт жертөлелерді, жерасты паркингтерін және басқа да жер асты кеңістіктерін…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 130 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 62 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды