Қазақстанда ет бағасы қандай болуы керек: Министр айтып берді

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров елімізде ет бағасы қанша теңге болуы керегін айтты, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.

Министр ет бағасы оның сапасына қарай өзгеретінін алға тартты.

“Фермерлер мал шаруашылығын жылдам әрі жоғары қарқынмен дамытуды жоспарлайды. Әрине, олар бағаның жоғары болғанын қалайды, яғни экспорттық баға 10-12 мың теңге аралығында болу керегін айтып жүр. Қазіргі уақытта экспорттық баға еттің санатына байланысты 4,5 мыңнан 6 мың теңгеге дейін жетеді. Еттің қоңдылығына, сапасына қарай баға өзгеріп отырады”, — деп жауап берді министр Үкіметтегі брифингте.

Оның айтуынша, қазір ішкі нарықтағы тірі малдың еті келісіне 1600-1800 теңге болып отыр.

“Тіпті арзандады деуге болады, бір кезде бұл баға 2000 теңгеге дейін жеткен болса, қазір орта есеппен 1700 теңгеге айналады. Егер 1700 теңгені етке шаққанда есептесек, ішкі нарықтағы көтерме баға шамамен 3000-4000 теңге болады”, — деді министр.

Еске салсақ, Осыған дейін премьер-министр Олжас Бектенов негізгі азық-түлік тауарларына негізсіз бағаның көтерілуін қатаң түрде тоқтатуды және бағаны бақылауда ұстауды тапсырған еді.

Фото: depositphotos.com

Related Posts

Тоқаев ШҚО әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен орнықты өсімін…

Толығырақ

Өскемен қаласының экс-әкімі Жақсылық Омарға үкім шықты

2026 жылғы 3 сәуірде Өскемендегі қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотта Жақсылық Омарға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды+7.kz ақпарат агенттігі….

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 128 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 60 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды