Синоптиктер 25–27 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды +7.kz.
Алдағы күндері Қазақстан аумағы арқылы белсенді солтүстік-батыс циклоны жүріп өтеді. Оның әсерінен қар жауып, ал оңтүстік өңірлерде қар, кей жерлерде жаңбыр жауады.
26 желтоқсанда оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде жауын-шашын күтіледі. Республиканың басым бөлігінде бұрқасын болып, желдің күшейіп, ал батыс және оңтүстік өңірлерде көктайғақ болады.
“Алайда 27 желтоқсанда циклонның орнына суық батыс антициклоны келеді, циклонның әсерінен жауын-шашын біртіндеп тоқтап, ауа температурасы төмендейді. Түнде солтүстік-батыс пен солтүстік өңірлерде -25, -30°C, ал шығыста -22, -30°C дейін аяз болады”, – дейді синоптиктер.








